Еурокомиссия қосымша құн салығы жүйесінде ауқымды реформа жасамақ

841

Еурокомиссия қосымша құн салығы жүйесінде ауқымды реформа жасамақ

Еурокомиссия қосымша құн салығы жүйесінде ауқымды реформа жасамақ, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл экономикалық шара салық заңнамасындағы іліктерді жойып, астыртын әрекеттердің алдын алмақ. Құжат сондай-ақ қосымша құн салығы төмен елдерде кеңсе ашып жүрген компанияларға салықтан жалтаруға мүмкіндік бермейді.

Жаңа ереже бойынша енді корпорациялар тауарларын қай елде сатса, тек сол мемлекетке салық төлейді.

Экономика жөніндегі еурокомиссар Пьер Московисидің сөзінше, ұсынысты Еуроодаққа мүше барлық ел де қабылдауы тиіс. Жоспар жүзеге асқан жағдайда, Еуроодақтағы трансшекаралық операциялары кезіндегі астыртын әрекет 80 пайызға қысқармақ.

"Лаңкестердің жүйедегі олқылықтарды пайдаланып, алаяқтық жасауынан жылына ондаған миллиард еуродай шығын келеді. Реформа бойынша, трансшекаралық операциялар кезінде сатып алушы қай елде орналасса, оған сол елдің қосымша құн салығы салынбақ. Яғни фирмалар сатып алушы елдің тарифтерін қолданатын болады",- дейді ЕО-тың экономика жөніндегі комиссары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу