Еурокомиссия Қытайдан келген электромобильдерге қатысты тергеу бастайды

402

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен келесі жылы өтетін Еуропалық сайлау қарсаңында өз Әкімшілігінің төрт жылдық жұмысын қорытындылай отырып, жыл сайынғы "Одақтың жағдайы туралы" баяндама жасады.

Еурокомиссия Қытайдан келген электромобильдерге қатысты тергеу бастайды Фото: Ашық дереккөзден

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен еуропалық өнеркәсіпті "жасанды түрде төмендетілген бағадан" қорғау мақсатында Қытайдың электромобильдерге бөлінетін мемлекеттік субсидияларды тергеу басталғанын жариялады, деп жазады Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

"Әлемдік нарықтар бүгінде арзан қытайлық электромобильдерге толы, олардың бағасы ауқымды мемлекеттік субсидиялар арқылы жасанды түрде төмен деңгейде ұсталып келеді", - деді. "Еуропа бәсекелестікке ашық, бірақ құрдымға батуға дайын емес", - деді Страсбургтегі еуропалық парламентте сөйлеген сөзінде фон дер Ляйен.

Еурокомиссия басшысы осымен төртінші рет еуродепутаттарға "Одақтың жағдайы туралы" баяндамамен жүгініп отыр. Оның осы қыметтегі мерзімі келесі жылы аяқталады.

Еуропалық сайлау 2024 жылдың маусымында өтеді, оның қорытындысы бойынша Еуропалық парламенттің құрамы жаңартылады, содан кейін Еуропалық Одақтың негізгі институттарының жаңа басшылары (немесе ескілері қайта тағайындалады) тағайындалады.

Баяндамада қарастырылатын тақырыптардың ішінде: Украинадағы соғыс және Киевтің еуроинтеграциясы, жаңа көші-қон пактісі, Еуропалық Одақтағы инфляцияға қарсы күрес.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу