Еурокомиссия қызметкерлерге TikTok пайдалануға тыйым салды

453

Еуропалық комиссия киберқауіпсіздікке байланысты қызметкерлерінен Tik Tok-ты жұмыс құрылғыларынан өшіріп тастауды өтінді.  

Еурокомиссия қызметкерлерге TikTok пайдалануға тыйым салды Фото: static.dw.com

Киберқауіпсіздік мәселелеріне жауапты Еурокомиссия қызметі барлық қызметкерлерден Бейжіңдегі ByteDance компаниясына тиесілі TikTok желісін жұмыс құрылғыларынан өшіріп тастауды сұрады, деп жазады inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.

ЕО Жоғарғы атқарушы органының қызметкерлері тиісті хабарламаны бейсенбіде алды - онда ЕО IT-мамандары 15 наурызға дейін бейне алмасу бағдарламасын жұмыс қосымшалары мен қызметтерге кіру үшін пайдаланылса, өз құрылғыларынан жоюды өтінді.

"Комиссияның деректерін қорғау және оның киберқауіпсіздігін арттыру мақсатында ЕО корпоративтік басқару кеңесі TikTok қосымшасының жұмысын комиссияның мобильді құрылғылары қызметтерінде тіркелген корпоративтік құрылғыларда және жеке құрылғыларда тоқтата тұру туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті EurActiv басылымы.

EC-тен кейін Еуропа Кеңесі де жұмыс телефондарында TikTok-ты пайдалануға тыйым салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу