Еурокомиссия террорлық шабуылға байланысты босқындардың Еуропаға келуіне тосқауыл қоймауды сұрады

789

Еурокомиссия террорлық шабуылға байланысты босқындардың Еуропаға келуіне тосқауыл қоймауды сұрады

Берлинде болған террорлық шабуыл босқындардың Еуропаға кіруіне кедергі келтірмеуі тиіс. Мұндай мәлімдемені Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер жасады, деп жазады 24Хабар.

Айтуынша, террорлық шабуылдарға соғыс оты шарпыған аймақтардан бас сауғалап шыққан жазықсыз жанның бәрін айыптауға болмайды. Оған қоса Юнкер Еуроодақ елдерінің ішкі қауіпсіздікті өзара күшейтуі керектігін атап айтты. Әсіресе ақпарат алмасу саласында әріптестікті арттыру керек.

Еске сала кетейік, 19 желтоқсан күні Берлинде қаскөйлер Рождество қарсаңындағы жәрмеңкеге жиылған жұртты жүк көлігімен басып өтті. Салдарынан 12 адам ажал құшып, 50-ден астамы жараланды. Ал террорлық шабуылға қатысы бар деген күдікті Анис Амри Италияда полициямен атыс кезінде қаза тапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу