Еурокомиссия заңсыз мигранттарды депортациялаудың жаңа жоспарын жариялады

439

Бұл бағытта бірнеше жылдар бойы түрлі шаралар жүзеге асырылып жатқанымен, жер аударылған не өз елдеріне оралған мигранттардың үлесі артатын емес. 

Еурокомиссия заңсыз мигранттарды депортациялаудың жаңа жоспарын жариялады Фото: static.dw.com

Еуропалық комиссия 24 қаңтар күні жарияланған жаңа депортация стратегиясы арқылы ЕО-да заңсыз мигранттардың көбеюімен күрескісі келеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Халықаралық қорғауды қажет етпейтіндер туған елдеріне оралуы керек", - деді Брюссельде ЕО ішкі істер комиссары Илва Йоханссон.

Оның айтуынша, 2022 жылы ЕО аумағына 300 000-нан астам заңсыз мигрант келген. Олардың көпшілігі қауіпсіз пана іздеген саяси босқындар емес.

Депортацияның жаңа стратегиясы "қауіпті әрі заңсыз көші-қонды азайтуға көмектесетін тосқауыл болуы керек", - делінген Еурокомиссияның мәлімдемесінде. Стратегия ЕО-ға мүше мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастықты, деректермен алмасу мен шешім қабылдаудың жеделдетілген процестерін көздейді.

Сонымен қатар, Еурокомиссияда ЕО-мен ынтымақтастық орнатылған және бұл үшін "саяси кедергілері жоқ" елдерге мигранттардың қайтып келу санын көбейту күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу