Еурокомиссияның жаңа құрамы бекітілді

126

Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен орнын сақтап қалды.

Еурокомиссияның жаңа құрамы бекітілді Фото: © РИА Новости / Алексей Витвицкий

Страсбургте өткен дауыс беруде Еуропарламент депутаттарының көбі ұсынылған кандидатуралардың барлығын қолдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты 24kz-ке сілтеме жасап. 

Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен орнын сақтап қалды. Ол жұмысының алғашқы 100 күнінде 7 жаңа бастаманы іске асыратынын жеткізді. 

Әсіресе, қорғаныс саласына көп қаржы бөлуге уәде берді. Еуроодаққа мүше 27 мемлекет Еурокомиссияға бір комиссардан ұсынады. Олар 5 жыл мерзімге тағайындалады. Енді Еурокомиссияның жаңа құрамы 1 желтоқсанда өз міндеттерін орындауға кірісуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу