Еуроодақ 2021 жылдан бастап пластик ыдыс сатуға тыйым салды

1623

Мұхит пен теңіздердегі қоқыстың 80 пайыздан астамы – пластик.

Еуроодақ 2021 жылдан бастап пластик ыдыс сатуға тыйым салды

Еуроодақ аумағында 2021 жылдан бастап бір реттік пластик ыдысты сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды 24.kz.

"Қара тізімде" тәрелке, стақан, қасық, сусын ішуге арналған түтіктер, тағам салатын контейнерлер мен полистиролдан жасалған мақта таяқшалары бар. Бұл тыйымды қолдап, Еуропарламенттің 560 депутаты дауыс беріп, 35-і қарсы болған. Заң күшіне енуі үшін, оны Еуроодақ Кеңесі мақұлдауы қажет.

Еурокомиссияның мәлімдеуінше, мұхит пен теңіздердегі қоқыстың 80 пайыздан астамы – пластик.

Жүгері немесе қант қамысынан жасалған ыдырайтын пластикті пайдалануға болады. Бірақ оның бағасы едәуір қымбат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу