Еуроодақ 30-31 мамырда ресейлік активтерді тәркілеу мәселесін талқылайды

565

Санкциялар нәтижесінде Ресейдің 300 миллиард доллар тұратын алтын-валюта резерві бұғатталған.

Еуроодақ 30-31 мамырда ресейлік активтерді тәркілеу мәселесін талқылайды

30-31 мамыр аралығында Брюссельде өтетін саммитте Еуропалық Одақ елдерінің басшылары ресейлік активтерді тәркілеуді заңдастыру мәселесін талқылайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Активтерді тәркілеу мәселесін қарастыру керек. Құқықтық тұрғыдан алғанда, ЕО-ның кейбір елдерінде бұл мүмкін емес, ал бірқатар елде әбден мүмкін", – деп жазылған ЕО өкілінің мәлімдемесінде.

Бұған дейін Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинаны қалпына келтіруге жұмсалатын қаражатты ресейлік кәсіпкерлердің бұғатталған активтерінен пайдалану жолы қарастырылып жатыр деп жариялаған еді. ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель ол үшін Ресейдің бұғатталған валюталық резервтерінен қаражатты алуды ұсынған болатын.

Ресейдің Орталық Банкінің басшысы Эльвира Набиуллинаның айтуынша, санкциялар нәтижесінде Ресейдің 300 миллиард доллар тұратын алтын-валюта резерві бұғатталған.

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу