Еуроодақ АҚШ тауарларына баж салығын салмақ

1354

Шара Вашингтонның еуропалық өнімдерге кедендік салық енгізу туралы жоспарына қарсы жауап болмақ.

Еуроодақ АҚШ тауарларына баж салығын салмақ

Еуроодақ америкалық тауарларға құны 10 миллиард еуроға тең баж салығын салуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Шара Вашингтонның еуропалық өнімдерге кедендік салық енгізу туралы жоспарына қарсы жауап болмақ. Бірақ алдымен Еурокомиссияның жасаған тізімін одаққа мүше елдер бекітуге тиіс.

Айта кетейік, президент Дональд Трамп өткен сейсенбі күні Еуроодақтың "Эйрбас" компаниясын субсидиялағаны үшін ортақ аймақтан импортталатын тауарларға баж салығын салатынын мәлімдеген. Оның жалпы құны 11 миллиард долларға тең. Ал АҚШ-тың Еуроодақпен келіссөз жүргізушісі Роберт Лайтхайзер алым алынатын еуропалық тауарлардың тізімін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу