Еуропалық одақ Беларуське қатысты санкциялар тізіміне 28 адамды енгізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бас басқарманың басшысы Андрей Ананенко және оның орынбасарлары Михаил Бедункевич пен Дмитрий Ковач санкция астында қалды.
Бұдан бөлек тізімде прокурор Михаил Ковалев, Минск облыстық сотының судьясы Вячеслав Тулейко, Минск қалалық сотының судьясы Елена Ананич, Гомель облыстық сотының судьясы Анатолий Сотников, прокурор Ирина Подковрова да бар. Сондай-ақ санкциялар тізіміне кейбір түзеу колонияларының басшылығы, кәсіпкер Виктор Шевцов пен кейбір журналистерге енген.
Еуроодақ тиісті санкциялар Беларусьтегі адам құқықтары ахуалына, Украина дағдарысына байланысты енгізілгенін атап өтті.