Еурокомиссия сириялық 70 мың босқын баланы оқыту үшін 270 миллион еуро бөлді. Қаржы Түркияның оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс өңірінде 100 мектеп салуға әрі оқу ошақтарын қажетті құралдармен жабдықтауға жұмсалады. Еуроодақ ағымдағы жылдың наурыз айынан бері Түркияда жүрген босқындарға көмек ретінде 2 миллиард 200 мың еуродан астам қаржы ұсынды, деп хабарлайды 24Хабар.
Еуропалық саясат мәселелерін кеңейту жөніндегі комиссар Йоханнес Ханның айтуынша, мектеп салып, керек-жарақпен жабдықтау босқын балаларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Еуроодақ алдағы кезде денсаулық сақтау және әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде келісімдер жасауды көздеп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу