Еуроодақ босқындарға 3 миллиард еуро бөледі

601

Еуроодақ босқындарға 3 миллиард еуро бөледі

Еуропалық одақ және оған мүше мемлекеттер сириялық босқындарға 3 миллиард еуро қаражат бөледі, деп хабарлайды kazislam.kz.

Бұл қаражат Түркия территориясында босқындар лагерін паналаған сириялықтарға жұмсалады. Бұл туралы Еуропалық дипломатия басшысы Федерика Могерини мәлімдеді.

"Біз Түркиядағы босқындарға көмек көрсету үшін алдағы 2 жыл ішінде 3 миллиард еуро бөлеміз",-  деді ол Брюсселде екінші рет өткен Сириядағы дағдарыс жөнінде өткен донорлық конференция мінберінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін ақпарат құралдарында Еуроодаққа мүше мемлекеттер, оның ішінде Германия Түркиядағы босқындар бойынша қаржыландыру келсіміне қатысудан бас тартатындары туралы жарияланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу