Брюссельде бас қосқан Еуропалық Одаққа мүше елдердің энергетика министрлері бұл жолы да газдың шекті бағасы жөнінде ортақ ұйғарымға келе алмады, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Венгрияның сыртқы істер министрі Еуропалық одақтың құрлықтағы газ дағдарысын мойындамайтынын алға тартты. Бірлестік министрлері келесі аптада тағы жүздеседі. Саясаткерлер табиғи газдың ортақ бағасын қою арқылы коммуналдық төлемдерді арзандатпақ.
Ал кейбір сарапшылар: "Шекті баға белгіленсе, газ жеткізетін ірі компаниялардан айырылып қалуымыз мүмкін", - деп қауіптенеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу