Еуроодақ елдері Трамптың тарифтік саясатымен бірлесе күреспек

192

Дүйсенбі күні осы мәселеге байланысты жиын өтеді. 

Еуроодақ елдері Трамптың тарифтік саясатымен бірлесе күреспек Фото: РБК

Жақында Еуроодақ елдері АҚШ президенті Дональд Трамптың тарифтік саясатына қарсы тұру үшін күш біріктіруге ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, ЕО 28 миллиард доллар болатын америкалық импортқа қарымта шаралар енгізу бойынша алғашқы пакетті келіседі. Осылайша олар бұған дейін АҚШ тауарларына қарсы шаралар қабылдаған Қытай мен Канадамен бір қатарда тұруы мүмкін. Сарапшылар бұл бағаны көтеріп, әлемдік экономиканы құлдырауға әкелетін кең ауқымды сауда соғысының басталуы болады деп алаңдайды.

ЕО-ның сауда стратегиясына жауапты Еуропалық комиссия одаққа мүше елдерге АҚШ-тың болат пен алюминий тарифтеріне жауап ретінде қосымша баж салынатын америкалық өнімдердің тізімін таныстырады. Тізімге ет, дәнді дақылдар, шарап, киім-кешек сияқты заттар кіреді.

Дүйсенбі күні Люксембургте осы мәселеге байланысты алғашқы жиналыс өтеді. 27 елдің сауда министрлері Ақ үй тарифтік саясатының  салдары мен оған қарсы ықтимал қадамдарды талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу