Еуроодақ елдерінде дыбыссыз электромобильдер халықтың алаңдаушылығын туғызуда

1096

Енді одаққа мүше елдерде бұл көліктерге жаппай шуыл генераторы қондырылады. 

Еуроодақ елдерінде дыбыссыз электромобильдер халықтың алаңдаушылығын туғызуда

Еуропа жолдарында электр күшімен жүретін көліктер саны күн санап артып келеді. Дегенмен мұндай көліктердің дыбыс шығармай жүруі халықтың алаңдаушылығын туғызуда. Өйткені шусыз электромобильдердің салдарынан жол апаты көбейіп кетуі әбден мүмкін. 

Енді одаққа мүше елдерде бұл көліктерге жаппай шуыл генераторы қондырылады. Ұлыбритания үкіметінің хабарлауынша, егер көлік сағатына 19 шақырымнан төмен жылдамдықпен жүрсе және артқа қарай қозғалса, мұндай мотор іске қосылуға тиіс. 
Дегенмен жүргізушілер қалаған уақытында шуыл генераторын өшіріп тастауға толықтай құқығы бар. 

Билік өкілдерінің ойынша,алдағы уақытта электромобильдер жаяу жүргіншілер қозғалысына еш кедергі келтірмейді. 

Ал 2040 жылға қарай Британия мен Франция үкіметтері жанармай немесе дизельмен жүретін қозғалтқышты көліктердің саудасына тыйым салуды жоспарлап отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу