Еуроодақ еліміздегі 9 жобаны қаржыландырады

933

Еуроодақ еліміздегі 9 жобаны қаржыландырады

Еуроодақ басшылығы Қазақстанда 9 жаңа жобаны іске қосады. Оның жалпы сомасы 3,7 млн еуро. Бұл туралы ұйым басшысы Траян Христеа баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды 7 kun.kz.

"Жобаның жалпы құны 3,7 млн еуроны құрайды. Оның ішінде Еуроодақтың салымы 3,15 млн еуро. Яғни 85 пайыз", — деп атап өтті ол.

Траян Христеаның айтуынша, жобалар өмір сүру талабын жақсартады. Адам құқығы мен демократияны дамытады. Жұмыстар Қазақстанның институциялық реформаларын жүзеге асыруға 100 қадам бағдарламасының аясында жасалады.

"Бүгінгі іс-шара Еуроодақтың Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына қаншалықты кең көлемде әсер ететінін көрсетті. Қазақстан орта деңгейлі табыс табатын елдер қатарына қосылғандықтан, 2014 жылдан бастап екі жақты серіктестік тоқтатылған. Алайда, Қазақстан 2014-2020 жылдардағы Орталық Азия елдеріне арналған бағдарламаға қатыса алады. Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігі бірнеше екі жақты жобаларды да жүзеге асырмақ. Олар жасыл экономика моделіне бағытталған. Жобаға 7,1 млн еуро жұмсалады. Сонымен қатар, сот жүйесі реформасын қолдау үшін 12 млн еуро бөлінеді", — дейді Траян Христеа

Айта кетейік, қзіргі жобалар 3 тематикалық бағдарлама бойынша жүзеге асады. Олар: "Қазақстандағы сот реформасын қолдау", "Адам құқығы мен демократиясы туралы Еуропалы әдіс-тәсілдер" және "Мемлекеттік емес субъектілер мен жергілікті билік ұйымдары"

Еске салсақ, Еуроодақ 1991 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстанда 350 жобаны қаржыландырған. Оның жалпы сомасы 180 млн еуро.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу