Еуроодақ елшілері Иранның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

249

Бұл туралы Иранның сыртқы саясат ведомствосының өкілі айтты. 

Еуроодақ елшілері Иранның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды Фото: Depositphotos

Иранның Сыртқы істер министрлігіне Еуроодаққа мүше барлық елдердің елшілері шақырылды. Бұған Батыстың Ислам революциясының сақшылар корпусын террористік ұйым деп тануы себеп болған. Бұл туралы Иранның сыртқы саясат ведомствосының өкілі Исмаил Багаи айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

"Багаи дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында елшілерді шақыру Иранның тарапынан жасалатын әрекеттің бір бөлігі екенін атап өткен. Соңғы екі күнде Тегеранда елшілігі бар Еуроодақтың барлық елдерінің өкілдері Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылған", – деп хабарлады Tasnim агенттігі.

Иран СІМ өкілі келесі қадамдардың тізімі жасалғанын, олардың шешім қабылдайтын тиісті органдарға жолданғанын жеткізді. Алдағы күндері Тегеран Еуроодаққа қатысты қосымша шаралар туралы жариялауы ықтимал.

Багаи Еуроодақ билігінің Ислам революциясының сақшылар корпусына террористік ұйым мәртебесін беруін стратегиялық қателік пен Иранды қорлау деп баға берді. Оның айтуынша, ЕО сақшылар корпусының "Ислам мемлекеті" террористік тобына қарсы күрестегі рөлін ескермеген. Тиісті шешім АҚШ немесе Израильге жағыну мақсатында қабылданған болса, Батыс елдері айтарлықтай қателік жіберіп отыр, деді Исмаил Багаи.

29 қаңтар күні Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас Ислам революциясының сақшылар корпусы террористік ұйым деп танылғанын мәлімдеген еді.

Айта кету керек, бұған дейін Иранның наразылықтар кезінде көз жұмған 3 мың адамның аты-жөнін жариялағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу