Еуроодақ ең ауыр рецессияға ұшырады

597

Одаққа мүше бірқатар елдерде шектеу шаралары біртіндеп қысқартылып жатыр. 

Еуроодақ ең ауыр рецессияға ұшырады

2020 жылы коронавирус пандемиясы кесірінен Еуроодақ экономикасы бұрын-соңды болмаған құлдырауға ұшырайды. Одақтың экономика жөніндегі еурокомиссары Паоло Джентилони осылай деп топшылап отыр.
Бұл аймақтың ЖІӨ 7,4%-ға қысқарады деген пікірде бірқатар сарапшылар.

Еурокомиссия жасаған болжамға сүйенсек, биыл мүше елдердің ешқайсысында да экономикалық өсім болмайды. Індеттен әсіресе Грекия зардап шегейін деп отыр. Оның ЖІӨ 9,7%-ға кемиді. Ал пандемиядан келген залал ең аз ел – Польша. Бұл мемлекеттің ЖІӨ небәрі 4,3%-ға азаюы ықтимал. 

ЕО-да пандемия басталғалы әлеуметтік-экономикалық тоқырау белең алды. Сауда іркіліп, мейрамханалар мен қонақүйлер жұмысын тоқтатып, шекаралар жабылды. Сондай-ақ көлік және әуе қозғалысы да шектелген еді. Осы факторлардың кесірінен экономика біраз шығынға батты. Дегенмен қазір одаққа мүше бірқатар елдерде шектеу шаралары біртіндеп қысқартылып, кәсіпорындардың жұмысы қайта жандана бастады.

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу