Еуроодақ Facebook, Google және Twitter-ге айыппұл салатынын ескертті

584

Еуроодақ Facebook, Google және Twitter-ге айыппұл салатынын ескертті

Еуроодақ Facebook, Google және Twitter әлеуметтік желілеріне өз қызметтерін еуро стандартқа сәйкестіндіру үшін 1 ай уақыт берді, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Бұлай болмаған жағдайда компанияларға айыппұл салынады. 2016 жылдың желтоқсанында компанияларға олардың кей қызметі еуропалық тұтынушылар құқығын қорғау заңдарына қайшы келетіні туралы хабарлама жіберілген.

Бұл жөнінде компания өкілдері әлі ешқандай пікір білдірген жоқ. Осы мәселеге қатысты компания өкілдерімен кездесу өтіп, онда мәселені шешу жолы ұсынылған. Еурокомиссия талап орындалмаған жағдайда айыппұл салу керектігін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу