Еуроодақ Газаға көмектесу үшін 50 млн еуро бөледі

416

Еуроодақ Израиль мен ХАМАС қақтығыстарынан зардап шеккен Газа тұрғындарына тағы 50 миллион еуро гуманитарлық көмек бөледі. 

Еуроодақ Газаға көмектесу үшін 50 млн еуро бөледі Фото: eadaily

Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Брюссельдегі ЕО саммитінің бірінші күнінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біз қосымша €50 млн гуманитарлық көмек бөлеміз. Ертең, жұма күні біз БҰҰ агенттіктерімен €40 млн келісімшартқа қол қоямыз. Тағы 10 миллион еуро ертең Мысыр арқылы екі рейспен гуманитарлық көмек жеткізуге жұмсалады", - деді ол.

ЕО басшысы қақтығыс шиеленісе бастаған кезден бастап Газа тұрғындарына €75 млн гуманитарлық көмек бөлгенін, сондай-ақ Мысыр арқылы 56 тонна көмек жеткізгенін еске салды.

Саммиттің бірінші күнінің қорытындысы бойынша ЕО басшылары Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы үндеуде келісе алмады,олар тек "гуманитарлық үзілістерге және Газада гуманитарлық дәліздердің ашылуына" шақырды, деп хабарлады Еуропалық Кеңестің Баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу