Еуроодақ Грекияға тағы несие беруге келісті

708

Еуроодақ Грекияға тағы несие беруге келісті

Еуропалық одақ Грекияға 6 миллиард 700 миллион еуро көлемінде жаңа несие бөлуге келісті, деп хабарлайды 24kz.

Бұл туралы еуроаймақтың қаржы министрлері кеңесі хабарлады. Келісімге қарағанда, Еуротоп бұл несиенің 5 миллиард 700 миллион еуросын мемлекет қарызын өтеу үшін ақпан айында бөледі. Ал қалған бөлігі көктем айында беріледі. Жалпы бұл шетелдік несие берушілердің Грекияға қаржылай көмегі туралы үшінші бағдарламасы негізінде жүзеге асып отыр. 2015 жылы қабылданған шараның көлемі 86 миллиард еуроны құрайды. Қаржы Еуропалық тұрақтылық жүйесі арқылы бөлінеді. Бірақ Афина оны алу үшін халықаралық несие берушілердің экономикалық талаптарын орындауы тиіс. Мақсат – Грекияны экономикалық дағдарыстан шығарып, оның әлеуетін оңалту. Айта кету керек, халықаралық несие берушілердің алдыңғы екі бағдарламасы еш нәтиже берген жоқ.

"Грек билігі қалған үнемдеу шараларын тезірек қабылдау үшін бар күшін салады деп сенемін. Бірақ ол Еуротоптың ақпан айының 19-ы күнгі кездесуіне дейін жүзеге асуға тиіс", – деді экономика және қаржы мәселелері жөніндегі еврокомиссары Пьер Московиси.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу