Еуроодақ Иракқа 42,5 миллион еуро көмек береді

852

Еуроодақ Иракқа 42,5 миллион еуро көмек береді

Еуроодақ Иракқа 42,5 миллион еуро көлемінде көмек береді. Қаржы Ирак билігінің елдегі гуманитарлық дағдарыспен күресуі үшін бөлініп отыр, деп хабарлайды 24Хабар.

Ол ең алдымен ұрыс жүріп жатқан Мосул сияқты қалалардағы тұрғындарға қолдау көрсетуге жұмсалмақ. Сондай-ақ туған жерін тастап, бас сауғалап көшкен адамдарды азық-түлік және ауызсумен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау мен білім саласын қалпына келтіруге бөлінеді.

Айта кетейік, Ирак – әлемде ірі гуманитарлық дағдарысқа ұшырап отырған елдердің бірі. Мұнда "Ирак және Левант лаңкестік ұйымының" әрекетінен жүздеген мың адам бас баспаналарын тастап кетуге мәжбүр. Ал Еуроодақтың 2015 жылдан бері Иракқа көрсеткен көмегі 309 миллион еуродан асқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу