Еуроодақ Израильдің БҰҰ бітімгерлеріне жасаған шабуылын айыптады

172

Еуропалық Одақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррельдің айтуынша, Еуроодақ Израиль билігінен мұқият тергеу жүргізуді талап етеді.     

Еуроодақ Израильдің БҰҰ бітімгерлеріне жасаған шабуылын айыптады Фото: www.eurointegration.com.ua

Боррель ЕО Кеңесінің сайтында жарияланған жазбаша мәлімдемесінде Еуропалық Одақ бірнеше адамның жарақат алуына себеп болған "Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша күштеріне (UNIFIL) шабуылын" айыптайтынын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"БҰҰ бітімгерлеріне жасалған шабуылдар – халықаралық құқықты өрескел бұзу әрі мұндайға ешқашан жол берілмеуі керек. Шабуылды тез арада тоқтату қажет", – делінген Еуроодақ мәлімдемесінде.

Еуропалық Одақ Израиль үкіметінен "Оңтүстік Ливандағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған БҰҰ бітімгерлеріне жасаған шабуылына қатысты түсініктеме күтеді, әрі бұл оқиғаға қатысты толыққанды тергеу жүргізілуін талап етеді".

Бұдан бөлек мәлімдемеде UNIFIL қарулы күштері мен басқа да қызметкерлері ЕО-ға мүше 16 мемлекетке өзіндік үлесін қосып келе жатқаны айтылды. Олар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау барысында қолайсыз жағдайларда жұмыс істеп жатқаны да хабарланды. Бұл ретте ЕО олардың кәсібилігін мойындайтынын, әрі UNIFIL-ге өз тарапынан қолдау көрсететінін атап өтті.

"Біз Израильдің "Хезболла" тұсынан оқ жаудырғанына алаңдаймыз. Оны тоқтату керек. Сондай-ақ, Израиль қарулы күштерінің Ливанның халық тығыз қоныстанған аудандарына жасаған соққысы салдарынан бейбіт халық зардап шегіп, қоныс аударуға мәжбүр. Біз барлық тарапты қандай жағдай болмасын халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауға шақырамыз", – делінген мәлімдемеде.

Еуроодақ барлық тарапты кез келген уақытта БҰҰ бітімгерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін толық орындауға шақырды. Сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің 1701 резолюциясын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу