Еуроодақты Қазақстанның ұлтаралық және дінаралық келісімдегі тәжірибесі қызықтырады. Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтің қатысуымен Бельгияда өткен басқосу қатысушылары осылай деп отыр, деп хабарлайды 24Хабар.
Брюссельге жұмыс сапары барысында министр Еуропарламенттің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының басшысы Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі және Бельгия мұсылмандары атқарушы комитетінің басшысымен кездесті. Жиынға қатысушылар ынтымақтастық барысы конфессияаралық диалог жүргізу және діни экстремизмге қарсы тұру туралы пікір алмасты. Нұрлан Ермекбаев еуропалық саясаткерлер мен сарапшыларға Қазақстанда экономикалық саяси және қоғамдық жаңғыртуды іске асыру бағытында атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып берді.