Еуроодақ Қазақстандағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетеді

1562

Маусым айынан бері Қазақстанның ауқымды бөлігінде тараған құрғақшылыққа жауап қайтару үшін Еуропалық Одақ гуманитарлық көмек ретінде 200 000 еуро (100 миллион тенге) көлемінде қаражат бөледі.  

Еуроодақ Қазақстандағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетеді

Көмек Маңғыстау мен Түркістан облыстарының аса зардап шеккен аудандарының шамамен 6,000 тұрғындарына көрсетіледі.

Еуроодақтың бұл қаржылық көмегіне Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы келесі шаралар арқылы қолдау көрсетеді: шұғыл көмек ретінде құрғақшылық кесірінен табыс көзінен айырылып, азық-түлікке тапшы болған адамдарға олардың күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын қаржылық көмекті үйлестіру; сондай-ақ, ыстық өту пен өрт қауіпсіздігі сияқты құрғақшылық пен өте жоғары температураның салдарынан туындайтын адам денсаулығына қатысты қауіп-қатерлер туралы хабардарлықты арттыру іс -шаралары.

Аталған қаржылық көмек Еуропалық Одақтың Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Халықаралық Қоғамдар Федерацияларының (IFRC) табиғи апат жағдайында Төтенше Көмек Қорына (DREF) қосқан үлесінің бір бөлігі болып табылады.

Шілде айының басынан бастап Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтары қатты ыстыққа ұшырап, көптеген аудандарда жаппай құрғақшылық туды. Құрғақшылық кезеңі табиғи су айдындарының тартылуы мен жерлердің құрғауына әкелді. Бұл жайылымдық жерлердегі мал азығы пен су тапшылығына әкелді. Нәтижесінде, елдегі көпшіліктің басты табыс көзіне айналған малдың басы қырылды. Бүгінгі күні 70 мыңнан астам адам зардап шегті, олардың көпшілігі тек малмен күнелтіп отырған шағын шаруа малшылары. Хабарлау бойынша зардап шеккендердің 84 пайыздан астамы Маңғыстау облысының тұрғындары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу