Бұған қоса еуропалық өндірушілердің ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі төмендеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты Еуроодақ Қазақстаннан импортталатын ферроқорытпа көлеміне үш жылдық шектеу енгізді туралы шешім шығарды.
"Рейтерс" агенттігінің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстан шетелге 1,4 млн тонна ферроқорытпа экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға көп. Экспорттың негізгі бөлігі Азия бағыттарына жіберілді. Қытай 760 мың тоннадан астам өнім алып, 11 пайыздық өсім көрсетті. Жапонияның сатып алуы 210 мың тоннаға жуықтады.
Ферроқорытпа Ресейге – 63,8 мың тонна, Индонезияға – 63,2 мың тонна, АҚШ-қа – 58,2 мың тонна, Оңтүстік Кореяға – 57,5 мың тонна жөнелтілді.
Еуроодаққа экспорт көлемі салыстырмалы түрде аз – 140,5 мың тонна. Ірі сатып алушылар қатарында Италия (39,4 мың тонна), Германия (36,2 мың тонна), Испания (24,4 мың тонна), Бельгия (9,9 мың тонна), Нидерланд (9,4 мың тонна), Швеция (8,1 мың тонна) және Чехия (8,1 мың тонна) болды.
2020 жылдан бері Қазақстанның ферроқорытпа экспорты айтарлықтай өзгерген жоқ: 2020-2022 жылдары 1,6-1,7 млн тонна аралығында болды, 2023 жылы 1,5 млн тоннаға төмендеп, 2024 жылы қайтадан 1,8 млн тоннаға өсті.