Еуроодақ Қазақстаннан көмір импортын арттыруда

2023 жылдың екі айының қорытындысы бойынша Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне 86,2 млн долларға 1,27 млн тонна көмір экспорттады. 

Еуроодақ Қазақстаннан көмір импортын арттыруда Фото: newsroom.kz

Бұл 2022 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда (337 мың тонна) 3,8 есе көп. Осы ретте жеткізілімдердің 90%-ы Польша, Латвия және Эстонияға тиесілі.  Германияға, Чехияға, Нидерландыға да отын сатылған.

Жеткізу өсімінің себебі 2022 жылдың тамызында ЕО елдерінің ресейлік көмірге импорттық эмбаргосы болып табылады, бұл өз кезегінде Ресейдің барлық көмір экспортының 25%-ына әсер етеді (жыл сайын 47-48 млн тонна). Сондай-ақ өсу факторы ретінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында Ресей арқылы теміржол транзитіне жеңілдіктер қарастырылған. 

Айта кету керек, Қазақстан Еуропаға көмірді Ресей Федерациясының аумағы арқылы экспорттайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу