Еуроодақ Қазақстанның кеденшілерін есірткі іздеуге үйретуде

872

Каспийдің елімізге тиесілі бөлігіндегі Құрық теңіз айлағында екі елдің кеден органдары қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге арналған халықаралық семинар өтті.

Еуроодақ Қазақстанның кеденшілерін есірткі іздеуге үйретуде

БҰҰ есірткі және қылмыс басқармасы (UNODC) қолдауымен өткен шара барысында шетелдік мамандар, атап айтқанда BOMCA (Border management programmes for Central Asia) сарапшылары болып табылатын Литва қаржы министрлігінің кеден департаментінің мамандары жергілікті кеденшілерді тауарлар мен көліктердің заңсыз тасымалын анықтауға және жолын кесуге үйретті.

Адам саудасы, есірткінің заңсыз айналымы, ұйымдасқан қылмыс және терроризм секілді халықаралық түйткілдер Еуропалық одаққа теріс ықпал етуде. Сондықтан ЕО Орталық Азияны барынша стратегиялық маңызды өңір деп таныды. Осы орайда 2003 жылы ЕО "Орталық Азия шекараларын басқаруға жәрдемдесу бағдарламасын" (BOMCA) іске қосқан. Арнайы бағдарламаға ОА-ның бес елі тегіс кіреді.

Еуропалықтар "Rip-off" тәсіліне құрылған есірткі контрабандасымен күрес тәжірибелерімен бөлісті. Сарапшылардың түсіндіруінше, есірткі тасымалдаушылар "Rip-off" схемасын пайдаланады: кетейін деп тұрған кемеге шағын моторлы қайық жүзіп келеді де, ондағы есірткілер кемеге көтеріліп, алдын ала таңдалған контейнердің бірінің ішіне жасырылады. Бұл ретте кейде сол контейнердегі жүк иесі де, не ол жүкті алушы да бұл қылмыстық істерден бейхабар болады. Қандай контейнердің кейін бұзылғанын анықтауға пломбаның бүтіндігін мұқият қарау да көмектесетін көрінеді. 

Жанат Ардақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу