Еуроодақ кеңесі Грузия азаматтары үшін визасыз тәртіптің енгізілуін мақұлдады

934

Еуроодақ кеңесі Грузия азаматтары үшін визасыз тәртіптің енгізілуін мақұлдады

Кеңес бекіткен құжат  ел азаматтарына ЕО елдеріне 180 күндік мерзім ішінде 90 күнге дейін визасыз келуге мүмкіндік береді, деп жазады Би-би-си.

Құжатқа енді ЕО кеңесі мен Еуропалық парламент қол қоюға тиіс. Осыдан соң оның мәтіні ЕО-ның ресми журналында жарияланып, 20 күннен кейін визасыз тәртіп күшіне енеді.

Енді Грузия азаматтары ЕО елдеріне визасыз туристік, отбасылық және іскерлік мақсатта бара алады. Алайда бұл тәртіп тек биометриялық төлқұжаты барларға ғана қолданылады.

Визасыз тәртіп Ұлыбритания мен Ирландияға ғана қолданылмайды, мұнда бұл мәселелер ұлттық заңнама бойынша реттеледі.

Еуропарламент визасыз тәртіп енгізуді биылғы жылдың 2 ақпанында мақұлдады.

ЕО пен Грузия арасында визасыз тәртіп енгізу жөніндегі келіссөздер 2012 жылы басталған еді. Басты кедергілердің бірі желтоқсанның басында ЕО-ға мүше-елдердің визасыз тәртіпті тоқтата тұру туралы келісуі болды.

Бұл тәртіп төтенше жағдайларда жұмыс істеуге тиіс және визасыз тәртіп енгізілген кезде бірге іске қосылады. ЕО немесе Еурокомиссияның кез келген елі визасыз тәртіпті тоқтата тұруды талап ете алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу