Еуроодақ билігі автокөліктердің ауаға қаншалықты улы газ шығаратынын міндетті түрде тестілеуден өткізу керек деген жаңа ереже қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Ол күздің алғашқы күнінен бастап қолданысқа енеді. Жаңа талап бойынша автомобильден бөлінетін улы газдың мөлшері көлік қозғалысы кезінде анықталады және зертханада тексеруден өтеді.
Еуроодақ басшылығының айтуынша, бұл қадам автомобиль шығарушылар арасында бәсекелестікті арттырады. Сонымен қатар тасымал жүйесін жетілдіріп, көліктердің баламалы қуат көзіне көшуін жеделдетеді.
Айта кетейік, 2015 жылы көліктерден ауаға бөлінетін улы газ мәселесі бойынша "Volkswagen" концерні дауға шатылған еді. Ол кезде неміс өндірушісі дизельді қозғалтқыштарына одан бөлінетін улы газды кемітіп көрсететін бағдарлама орнатқан. Алайда бұл қулықты американдықтар біліп қойды. Осыдан кейін өзге де дизельді автокөліктер жіті тексеріле бастады.