Еуроодақ Қырғызстанға "Қамбар-Ата-1 су электр станциясының" құрылысына 1 млрд доллар бөледі

417

Еуропалық инвестициялық банк пен Еуропа қайта құру және даму банкі Қырғызстанға "Қамбар-Ата-1" ГЭС құрылысына әрқайсысы 500 млн доллардан бөледі.  

Еуроодақ Қырғызстанға "Қамбар-Ата-1 су электр станциясының" құрылысына 1 млрд доллар бөледі Фото: eltr.kg

Қырғызстанның Энергетика министрлігінің мәліметінше, Брюссельде өткен Global Gateway форумында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетика министрлері халықаралық қаржы институттарының басшыларымен бірге "Қамбар-Ата-1" су электр стансасы жобасының барысын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Келіссөз қорытындысы бойынша Еуроодақ Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанмен жалпы сомасы 2,4 млрд доллар болатын жобаны қаржыландыру туралы екіжақты келісімге қол қойды. Оның 1 миллиарды Қырғызстанға бөлінеді.

Кездесу барысында Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігі мен Еуропалық инвестициялық банк арасында "Қамбар-Ата ГЭС-1" жобасын 500 млн долларға дейінгі сомаға қаржыландыру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жобаны 500 млн долларға дейінгі сомаға қаржыландыруды көздейтін екінші меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу