Еуроодақ Лукашенкоға қарсы санкция салады

589

Бұған дейін осыған қатысты талқылаулар жүргізілді.

Еуроодақ Лукашенкоға қарсы санкция салады Фото: rbk.ru

Еуроодақтың Сыртқы істер министрлері Беларусь президенті Александр Лукашенкоға қарсы санкция салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлады.

Бұған дейін ЕО дипломатиясының басшысы ЕО-ның СІМ Кеңесінің отырысынан кейін Брюссель Лукашенконы Беларусьтың заңды президенті деп танымайтынын, оған шектеу шаралары жарияланатынын мәлімдеген еді.

Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьта өткен президент сайлауынан кейін жаппай ереуілдер әлі күнге дейін басылмай тұр. Саяси тартыста қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинаған болатын. Бірқатар ел сайлаудың қорытындысын мойындамайтынын білдірді. Оның қатарында АҚШ, Украина, Германия, Канада және ЕО-ның бірнеше елі бар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу