Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

1685

Еуропалық одақ сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчич Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды өңір болып қала беретіндігін айтты.

Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

Еуропалық одақ сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчич Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтату шешіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы жайында білдік. Ол Қазақстанның президенті болған 30 жылға жуық уақыттың ішінде конституциялық реформаларды қоса алғанда жаңғыру реформаларын ілгерілетті. Президент Назарбаев бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке жәрдемдесуге айрықша мән бере отырып, өңірлік, сонымен қатар жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуды маңызды рөлге ие болды", – деді  М.Косьянчич.

Сонымен қатар ол  Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды өңір болып қала беретіндігін баса айтты.

"Еуропалық одақ үшін  өңірдегі маңызды серіктес болып қала беретін Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ең бірінші қол қойған еді. Еуропалық одақ Қазақстанның ең бірінші сауда серіктесі әрі инвесторы болып саналады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу