Еуропалық одаққа мүше 27 ел, соның ішінде НАТО-ға мүше 23 мемлекет Қызыл теңіздегі Aspides миссиясын Ормуз бұғазына дейін кеңейтуге дайын емес. Бұл туралы Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО мүшелеріне ескерту жасаған болатын. Оның сөзінше, егер альянс елдері Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалыспаса, одақтың болашағы бұлыңғыр болмақ.
"Аймақтағы кеме қатынасына тоқталсақ, бұл – Еуропаның соғысы емес. Бұл аймақта біз Aspides операциясын жүргіземіз. Бұған дейін айтқанымдай, ол Қызыл теңізге қатысты. Кездесуде операцияны күшейту мәселесі талқыланды, себебі оның әскери-теңіз ресурстары жеткіліксіз, олардың санын арттыру қажет. Бұл мандатты Ормуз бұғазын да қамтитындай етіп кеңейту, яғни, Маскат сызығынан солтүстікке дейін жету мәселесінде одаққа мүше мемлекеттердің дайын емес екені белгілі болды", – деді Кая Каллас.
Оның айтуынша, бұл соғысқа ешкім араласқысы келмейді.
Себебі Батыс елдері бұл қақтығыстың ықтимал салдары туралы алаңдап отыр.