"Еуроодақ - Орталық Азия" саммиті 2 маусымда Қырғызстанда өтеді

538

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері 2-3 маусымда Шолпан - Атада өтетін "Еуропалық Одақ-Орталық Азия" саммитіне қатысады 

"Еуроодақ - Орталық Азия" саммиті 2 маусымда Қырғызстанда өтеді Фото: 2gis.kz

Бұл туралы Қырғыз Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Саммитке Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов және Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель қатысады", - деді Әзімбақиев.        

Оның айтуынша, ЕО мен ОА екінші саммиті Қырғызстанның төрағалығымен өтеді.

Қатысушылар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағын талқылайды, Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақтың халықаралық күн тәртібі мен өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасады.

Сонымен қатар, Садыр Жапаров делегация басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

3 маусымда Еуропалық Кеңес Президенті Чарльз Мишель Қырғызстанға ресми сапармен барады. "Сапар аясында Садыр Жапаровпен екіжақты келіссөздер жүргізу жоспарлануда. Тараптар тар және кеңейтілген форматта қырғыз-еуропалық әріптестік мәселелерін талқылайды", - деді Әзімбақиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу