Ауыл шаруашылығы жөніндегі еурокомиссар Фил Хоган Еуроодақ пен Жапония сауда келісімін талқылағанын хабарлады, деп жазады "Ъ".
"Бүгін Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер мен Жапонияның үкімет басшысы Синдзо Абэ сауда келісімінің мәселелерін қарастырды. Бұл келісім ЕО-ның ауыл шаруашылығы саласына, әсіресе шарап өндірісіне пайда әкелмек", – деп мәлімдеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Жапония мен ЕО арасындағы еркін сауда туралы келіссөз бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Аталмыш тақырып бойынша кеңесу тетіктерін іске қосу уағдаластығы 2011 жылы Брюссельде қол жеткізілген болатын.
Маусым айында Синдзо Абэ Еуроодақ елдерімен еркін сауда туралы келісімге қол қоюды жеделдетуді көздеп отырғанын мәлімдеген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу