Еуроодақ Ресейді референдум үшін жазалаудың жолын тапты

1515

Еуропалық Одақ (ЕО) Ресей федерациясының басшылығына және ЛХР, ДХР, Херсон және Запорожье облыстарындағы референдумдарға қатысы бар шенеуніктерге жеке және салалық жаңа санкциялар енгізеді. 

Еуроодақ Ресейді референдум үшін жазалаудың жолын тапты

Бұл туралы еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді.

"Ресей, оның саяси басшылығы мен референдумдарды ұйымдастыруға қатысқандардың бәрі, сондай-ақ Украинада халықаралық құқық пен халықаралық гуманитарлық құқықтың басқа да жарлықтарын бұзғандар жауапқа тартылады", – делінген ЕО ресми сайтындағы мәлімдеме мәтінінде.

Оның айтуынша, одақтастарымен келісе отырып, қосымша шектеу шаралары жақын арада қабылданады, ал Украинаға көмек көрсету жалғасады. Ресейге жеке және салалық санкциялар енгізу жоспарлануда.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу