Еуроодақ Ресейден мұнай, газ және көмір сатып алудан біртіндеп бас тартады

994

АҚШ пен Ұлыбритания Ресейден өңделмеген мұнай және кейбір мұнай өнімдерін, сұйытылған табиғи газ бен көмірді импорттауға тыйым салды.

Еуроодақ Ресейден мұнай, газ және көмір сатып алудан біртіндеп бас тартады

Еуроодақ елдері Ресейден мұнай, газ және көмір сатып алудан біртіндеп бас тартқысы келеді, бірақ олардың импортты қашан шектейтіні белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

"Белең алған тұрақсыздыққа, стратегиялық бәсекелестікке және қауіпсіздікке тап болдық, сондықтан біз өз қауіпсіздігіміз үшін жауапкершілікті арттырып, еуропалық егемендігімізді нығайту, тәуелділігімізді азайту, 2030 жылға арналған даму мен инвестициялардың жаңа моделін жасау үшін батыл қадамдарға баруды шештік", – деп жазылған Версальдағы ЕО саммиті декларациясының жобасында.

Еске сала кетсек, 8 наурызда АҚШ Ресейден өңделмеген мұнай және кейбір мұнай өнімдерін, сұйытылған табиғи газ бен көмірді импорттауға тыйым салды. Кейін Ұлыбритания да осындай шешім қабылдады.

Табиғат Нұрболат

Фото: politico.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу