Еуроодақ ресейлік азаматтарға қарсы санкцияны ұзартты

953

Санкция тізіміне енгізілгендердің қатарында Ресейден бөлек Қытай және Солтүстік Корея азаматтары, сондай-ақ осы елдердің ұйымдары бар.

Еуроодақ ресейлік азаматтарға қарсы санкцияны ұзартты Фото: reuters.com

Еуропалық Одақтың Кеңесі одаққа және оған мүше елдерге қауіп төндіретін кибер шабуылдарға қарсы санкцияларды бір жылға, яғни 2022 жылдың 18 мамырына дейін ұзартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Кибершабуылдарға жауапты адамдарға қарсы шектеу шаралары 2019 жылдың 17 мамырында бекітілген еді. Санкция тізіміне енгізілгендердің қатарында Ресей, Қытай және Солтүстік Корея азаматтары, сондай-ақ осы елдердің ұйымдары бар. 

Шектеу шаралары бойынша, азаматтарға ЕО-ға баруға тыйым салынып, активтер бұғатталады. Сонымен қатар Еуропалық Одақтың жеке және заңды тұлғаларына тізімге енгізілгендерге қаражат беруге болмайды. Қазіргі уақытта аталған елдердің сегіз азаматына және төрт ұйымына санкция жарияланды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу