Еуроодақ ресейлік көмірден бас тартып, тасымалдаушылар үшін шекараны жабады

728

Одақтың барлық 27 мүшесі мақұлдауға тиіс.

Еуроодақ ресейлік көмірден бас тартып, тасымалдаушылар үшін шекараны жабады

Украинаның Буча қаласындағы жағдайға байланысты енгізілген ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларының жаңа пакеті аясында Еуропалық Комиссия ресейлік көмірді импорттаудан толығымен бас тартуды, ресейлік тасымалдаушылар үшін теңіз және құрлық шекараларын жабуды ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Мұндай шараларды Еуроодақтың барлық 27 мүшесі мақұлдауы тиіс. Бұған дейін Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Венгрияға байланысты ресейлік газға санкциялар енгізу мүмкін емес екенін айтқан болатын. Өйткені бұл ел жеткізілімге аса тәуелді. Бұған қарамастан санкциялар 5 сәуірде мақұлданып, жақын арада күшіне енгізілмек.

Сонымен қатар жартылай өткізгіштерді, жоғары технологиялық жабдықтарды, сұйытылған табиғи газды өндіру технологияларын жеткізуге шектеу қою жағы қарастырылуда. Бірқатар ресейлік олигарх пен олардың туыстары қара тізімге енгізіледі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу