Сирия жұртының болашағын жақсарту мақсатында жиын өткізген Еуроодақ елдері сириялықтарға көмек ретінде 6 млрд АҚШ долларын бөлді. Бұл туралы Еуродақтың гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссары Христос Стилианидис мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Жалпы Сирияда гуманитарлық жобаларды жүзеге асырып, көршілес Ливан мен Йорданияға көмек беру үшін Еуроодақ өз қазынасынан 560 млн еуро бөлген. Дегенмен Брюссель егер Сирия билігі елдегі соғысты саяси жолмен шешпей оппозицияға тізесін батыра беретін болса, көмекті беруден бас тартатынын ашық айтты.
"Брюссельге келген делегация мүшелері бір ауыздан Сирия халқына 6 млрд АҚШ долларын беруге келісті. Бұл бір жылда бөлінетін қаржы. Осы бірлігіміз – біздің сириялықтардың тағдырына бей-жай қарамайтынымыздың айғағы. Барлығына алғыс айтамын", – дейді Христос Стилианидис.