Еуроодақ Таяу Шығысқа қатысты мәселеде қатаң талап қойды

Брюссельдегі Еуропалық Кеңес саммиті соңғы жылдардағы ең даулы саммиттердің бірі болып тарих қойнауына енді. 

Еуроодақ Таяу Шығысқа қатысты мәселеде қатаң талап қойды Фото: commons.wikimedia.org

Геосаяси қақтығыстар мен энергия бағасының өсуі ЕО-ға мүше 27 мемлекет басшысының күн тәртібіне тікелей әсер еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орталық мәселе – АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттерінен туындаған Таяу Шығыстағы жағдай. 

Көшбасшылар шиеленісті азайту және барынша ұстамдылық танытуды, сонымен қатар энергетика және су нысандарына қарсы соққыларға мораторий енгізуді талап етіп отыр. 

27 мемлекет және үкімет басшылары Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтірудің шұғыл қажеттілігі туралы келісті. Бірақ, олар АҚШ президенті Дональд Трамптың талабына сай, ЕО әскери-теңіз миссиясын орналастыру "қажетті шарттар орындалғаннан кейін" жүзеге асырылуы керек деп мәлім етті. 

ЕО көшбасшылары "Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2817 қарарына сәйкес, аймақтағы елдерге қарсы әскери шабуылдарды дереу тоқтатуы керек" деп нақтылай түсті. 

Мұнан өзге ЕО "Иран ядролық қаруға ие болмауы керек" деп есептейді.

– Тегерандағы режим өз халқына қарсы зорлық-зомбылық пен репрессияны тоқтатуы керек. Біз Иран халқымен толық ынтымақтастықта екенімізді және олардың өз болашағын өзі анықтау құқығын қолдайтынымызды білдіреміз, – деп жазылған қорытынды мәлімдемеде.

Саммитте гуманитарлық апат пен одан әрі нарықтық хаостың алдын алу үшін аймақтағы энергетикалық және су инфрақұрылымына шабуылдарға уақытша мораторий енгізу ұсынылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу