Еуроодақ Temu маркетплейсіне бақылауды күшейтуді көздеп отыр

Оған басты себеп – тұтынушының жеке дерегінің қорғалмауы. 

Еуроодақ Temu маркетплейсіне бақылауды күшейтуді көздеп отыр Фото: YouTube

Әрі оған көптеген сарапшы онлайн сауда дүкенінің қауіпсіздігіне күдік келтіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Еуроодақ нарықтағы бағалардан әлдеқайда төмен бағада тауар жеткізетін Temu маркетплейсін қатаң бақыламақ. Оның бірнеше себебі бар. Яғни, онлайн-платформада заңсыз препараттардың да сатылуы ықтимал. 

– Бұл қосымшада клиенттердің жеке деректері қорғалмаған. Temu-да алаяқ-саудагерлерге тоқтау салатындай тұрақты жүйе жоқ. Сондықтан, онлайн-платформада заңсыз фармацевтикалық препараттар, косметика мен ойыншықтар сатылуы мүмкін, – дейді мамандар.

Десе де, қытайлық компания "жеке деректерді өңдеуге қатысты барлық ережелерді қатаң сақтаймыз" деп отыр. 

Financial Times басылымының жазуынша, Еуропалық Одақ қауіпті және заңсыз тауарлармен күресу, оларға тосқауыл болу мақсатында әрі тұтынушылар мен нарықтағы бәсекелестікті қорғау үшін шетелдік маркетплейстерге арналған жаңа ережелер енгізуді жоспарлаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу