Еуроодақ төрағалығы Бельгияға өтті

532

Бұған дейін ол мәртебеге Испания ие болған.

Еуроодақ төрағалығы Бельгияға өтті Фото: european-union.europa.eu

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бельгияның Еуропалық Одақ Кеңесіне алты айлық төрағалығы басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Егер ЕО-ның әртүрлілігі мен ілгерлеуін көрсететін ел болса, ол Бельгия", - деді Бельгия премьер-министрі Александр Де Кру желтоқсанда ЕО Кеңесіне төрағалық ету бағдарламасын таныстырған кезінде.

Оның айтуынша, мұндай өкілеттіктерді қабылдау үлкен мәртебе, сонымен қатар "уәдеде тұру, азаматтардың сауалдары мен сұрақтарына жауап беру" үлкен жауапкершілік.

Бұған дейін ол мәртебеге Испания ие болған. Бельгия тарапы алдағы апталарда одақтың ұзақмерзімді бюджетін жоспарлауға кіріседі. Сонымен қоса 6 ай ішінде реформалар жүргізіп, экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға ниетті. Ресми Брюссель бірлестіктің сыртқы шекараларын қорғауға да көп көңіл бөлетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу