Еуроодақ Трамптың үндеуінен соң әскери кемелерді Ормуз бұғазына жіберу мүмкіндігін талқыламақ

112

Бұған дейін АҚШ президенті бірнеше елге үндеу тастаған болатын. 

Еуроодақ Трамптың үндеуінен соң әскери кемелерді Ормуз бұғазына жіберу мүмкіндігін талқыламақ Фото: Nano Banana

Дүйсенбі күні Еуропалық Одақ елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде кездесіп, "Аспидес" әскери-теңіз миссиясын Ормуз бұғазы бойынша кеңейту мәселесін талқыламақ. Бұл туралы Euronews-ке мәселемен жіті таныс дереккөз хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефул тиісті мәселе талқыланып жатқанын растағанымен, бұл операцияға елдің қатысатындығына күмән келтірді.

"Аспидес" – 2024 жылдың ақпан айында Қызыл теңізде басталған Еуроодақтың әскери-теңіз операциясы. Ол хуситтердің халықаралық кемелерге жасалған шабуылына жауап ретінде басталған.

Euronews жазуынша, АҚШ еуропалық және азиялық серіктестеріне Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қысымды күшейтіп отыр. Бұған  энергия тасымалдау бағасының күрт өсуі себеп. Демалыс күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания, Франция, Қытай және Жапонияны Таяу Шығыс аймағына кемелерін жіберуге шақырған болатын.

Ормуз бұғазы арқылы әлемдегі барлық мұнай тасымалының шамамен 20%-ы өтеді. Өткен аптада Тегеран бұғазды жауып тастайтынын мәлімдеген болатын. 

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ Ормуз бұғазы арқылы кемелерді алып жүру үшін халықаралық коалиция құратынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу