Еуроодақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға инвестиция салады

563

Бұл туралы Ақтау қаласында Транскаспий өзара байланысы жөнінде өтіп жатқан министрлердің кездесуінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Еуроодақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға инвестиция салады Фото: dknews.kz

"2021 жылдың 1 желтоқсанында Еуропалық Комиссия мен ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Global Gateway бастамасын іске қосты. Бұл цифрландыру, энергетика, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және зерттеу сияқты салаларда жоғары технологиялық, экологиялық және қауіпсіз жаһандық байланыстарды дамытудың жаңа еуропалық стратегиясы. Аталған стратегияны іске асыру үшін ЕО Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отыр", - деді Қайырбек Өскенбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу