Еуроодақ Түркияға қарсы санкция жариялады

1563

9 желтоқсанда Реджеп Тайып Ердоған "одақтың санкциялары Анкараны еш алаңдатпайды" деп айтқан еді.

Еуроодақ Түркияға қарсы санкция жариялады

Еуроодақ  Түркияға қарсы санкция салу туралы шешім қабылдады. Одаққа мүше елдер Анкараның Жерорта теңізіндегі әрекеттерін заңсыз деп танып отыр. 

"ЕО одақ пен оған мүше елдердің мүдделерін қорғап, аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл жолғы саммит кезінде Түркияның Жерорта теңізіндегі заңсыз әрекеттеріне байланысты ЕО кеңесі шектеу енгізеді", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Қараша айында Еуропарламент осы жайтқа байланысты ресми Анкараға қарсы санкция жариялау туралы резолюция қабылдаған еді.

Түркия теңіздің шығысында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жайт санкцияға әкеліп соқты. Грекияның пікірінше, Түркия елдің шекарасын бұзып отыр. 

9 желтоқсанда Реджеп Тайып Ердоған "ЕО ешқашан Түркияға қатысты әділ шешім қабылдамады және одақтың санкциялары Анкараны еш алаңдатпайды" деп айтқан еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: aljazeera.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу