Еуроодақ Украина мемлекеттік басқару реформасын қолдауға 10 млн еуро аударды

1157

Еуроодақ Украина мемлекеттік басқару реформасын қолдауға 10 млн еуро аударды

Еуропа одағы "Украинада мемлекеттік басқаруды кешендік реформалауды қолдау" бағдарламасы аясында бюджеттік қолдаудың алғашқы траншы ретінде  10 млн еуро төлеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды министрлер кабинетіне сілтеме жасаған РИА Новости.

"Украина  мемлекеттік басқаруды реформалауды қолдауға 10 млн еуро алды. Еуропа одағы "Украинаға мемлекеттік басқаруды кешендік реформалауды қолдау" бағдарламасы аясында бюджеттік қолдаудың алғашқы траншын төлеу туралы шешім қабылдады", – делінеді ақпаратта.

Украинаның еуропалық әріптестері мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі үкіметтің әрекетін жоғары бағалайды және онда өзгертулерді енгізуге саяси ерік-жігердің барын атап көрсетті, делінген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу