Шара осы елден ортақ аймаққа энергия жеткізу үшін қолға алынған еді. Енді Брюссель зымыран шабуылынан зардап шеккен Украинаның электр жүйесін қалпына келтіруге көмектеседі. Осы мақсатта Киевке қосымша қаржылай және техникалық қолдау білдіру қарастырылып жатыр.
Еуропалық Одақ Украинадан электр қуатын импорттаудың орнына керісінше елге тасымалдай бастауы мүмкін, деп мәлімдеді Еуропалық комиссияның өкілі Тим Макфи, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Макфи атап өткендей, Украинаға энергия желісін қалпына келтіруге шұғыл көмек көрсетіледі: атап айтқанда, Киевке €25,5 млн көлемінде қосымша қаржылық әрі техникалық көмек көрсетіледі және Еуропадан 400 электр генераторы жіберіледі.
"Украинаның энергия жүйесі Еуроодақ желісіне осы елде қарулы қақтығыс басталған соң қосылған болатын. Кейінгі айларда біз бір-бірімізге біраз энергия тасымалдаған едік. Ал соңғы жағдайларға байланысты Еуроодақ Украинаға қажетті электр энергиясын жеткізуге дайын", - деді Тим Макфи.