Еуроодақ Ыстамбұлдағы терактіге байланысты көңіл айтты

570

Еуроодақ Ыстамбұлдағы терактіге байланысты көңіл айтты

Еуроодақ Ыстамбұлда лаңкестік әрекеттен қаза тапқан отбасылардың қайғысына ортақ. Бұл туралы Еуроодақ дипломатиясының басшысы Федерика Могерини және еурокомиссар Йоханнес Ханның бірлескен мәлімдемесінде баяндалған, деп хабарлайды 24.kz.

"Қайғы жамылған отбасылар мен туысқандарының қайғысына ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", – деп жазылған көңіл айту хатында.

Сондай-ақ Түркиядағы Еуроодақ өкілдігі де терорлық актінің кез-келген түрін қатаң айыптайтынын және онымен күресу үшін Түркия билігімен әрқашан бірге екенін білдірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу